Гитлердің бункері қазір жарқанаттар мекені

10.05.2014
Гитлердің бункері қазір жарқанаттар мекені
Германияның Айфель қаласында Гитлердің бункері әлі күнге сақталған. Тереңдігі 60 метр, ұзындығы 110 метр болатын жерасты құрылысы 1936 жылы салыныпты. Құрылысқа қатысқан жұмысшылардың барлығы артынша Бухенвальд концлагеріне жіберілген. 1944 жылға дейін бункерде Гитлердің өзі тұрып, әскери операцияларды бақылап отырған. Қазір бұл жер Қызыл кітапқа енгізілген жарқанаттардың мекені.
 
Дитер Рёдёр, Айфель қаласының тұрғыны:
1944 жылы Германия әскері жеңіле бастағанда бункерге жергілікті халық тығылған. Бірақ, 1944-1945 жылдары АҚШ пен Франция әскерлері бункерді бомбылағанда, ішінде бейбіт тұрғындар қаза тапты. Бұл Батыс Германиядағы тарих кітабына енгізілген бункердің бірі. Соғыстың зардабын ұрпақ есіне салып тұратын мекен. Неміс халқы мұндай қасіреттің енді қайталанғанын қаламайды. Әлемде тек бейбітшілік болсын!
  
Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу