Тараз қаласындағы «Достық» алаңында әскери әндер шырқалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласындағы «Достық» алаңында әскери әндер шырқалды

09.05.2014
Тараз қаласындағы «Достық» алаңында әскери әндер шырқалды
Жеңіс күнін Жамбыл облысының халқы да ерекше салтанатпен атап өтті. Таңертеңнен Тараз қаласындағы «Достық» алаңына жиылған көпшілік ІІ Дүниежүзілік соғыстың жылнамасы іспетті сахналық шағын көріністі тамашалады.
 
Мұнан соң «Оңтүстік» әскери қолбасшылығына қарасты бөлімше сарбаздары саппен бой түзеп, алаңда ұрыс қимылдарын және қаруды алып жүру, оны алақанда ойнату секілді өнерлерін көрсетті.
 
Сондай-ақ, сарбаздар жиылған көпшілікке әскери қоян-қолтық ұрыс түрлері мен тәсілдерін де ұсынды. Мереке соңы әскери әндердің концертіне ұласты.
 
Жамал Жұмаділова, қала тұрғыны:
Ел болып, қатарға қосылатын заман болар ма екен деп едік?! Тыныштығымыз енді бұзылмасын. Осы көрген жақсылықтарды ұзағынан сүйіндірсін.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу