Мұнан соң «Оңтүстік» әскери қолбасшылығына қарасты бөлімше сарбаздары саппен бой түзеп, алаңда ұрыс қимылдарын және қаруды алып жүру, оны алақанда ойнату секілді өнерлерін көрсетті.
Сондай-ақ, сарбаздар жиылған көпшілікке әскери қоян-қолтық ұрыс түрлері мен тәсілдерін де ұсынды. Мереке соңы әскери әндердің концертіне ұласты.
Жамал Жұмаділова, қала тұрғыны:
Ел болып, қатарға қосылатын заман болар ма екен деп едік?! Тыныштығымыз енді бұзылмасын. Осы көрген жақсылықтарды ұзағынан сүйіндірсін.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ