Алматыда «Майданнан келген хат» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Майданнан келген хат» акциясы өтті

09.05.2014
Алматыда «Майданнан келген хат» акциясы өтті
«Майданнан келген хат». Бүгін осындай атаумен Алматыдағы «Қазпошта» АҚ акция өткізіп, екі соғыс ардагері мен 35 тыл ардагеріне құрмет көрсетті.
 
Өмірден озған батырлардың балалары шараға арнайы келіп,  ата-ана, бауырларының ерлігін мақтанышпен жеткізді.
 
Алматылық пошта қызметкерлері жиылған жұртқа 500-ге тарта майданнан жіберілген хаттың арнайы жасалған көшірмелерін үлестірді. Өмірлерінің соңғы сәттерінде жазылған әскерилердің хаттары оқылып, жиналғандар көздеріне жас алды. Одан соң ардагерлер вальс билеп, әскери дала асханасынан дәм татты. 
 
Григорий Будченко, соғыс ардагері:
Мен соғыстың басынан аяғына дейін қатыстым. 5 рет жараландым. Есесіне, қазір тыныштық орнаған Қазақстан елінде тұрып жатырмын. Бүгінгі ұрпақ келешекте өз Отанына аянбай қызмет етсін. Барша халықты, әсіресе, көзі тірі ардагерлерді бүгінгі  мерекемен құттықтаймын.
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу