Жамбыл облысындағы Талас ауданы бүгінде мал шаруашылығымен қоса, өндірісі де өркендеген аймаққа айналып отыр.
Индустрияландыру картасы аясында былтыр Қаратау қаласында жылына 15 мың тонна натрий цианиді деп аталатын химиялық реагентін өндіретін кәсіпорын іске қосылды.
Соның арқасында 500-ге тарта адам жұмысқа орналасты.
Бұл туралы Ақкөл ауылы тұрғындарының алдында есеп берген аудан әкімі Болат Рысмендиев айтты.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ