Солардың бірі - ҚуанышпайБайманов. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, соғыс басталғанда Беларусь еліндегі ұрыстарға қатысқан. Кейін партизан отрядында қосылып, жау тылында басқыншыларға талай соққы берген.
Фашистердің пойыздарын құлатып, көпірлерді қиратқан. 1944 жылы ауыр жараланып, елге оралған. Бүгінде 3 баланың әкесі, 9 немере, 11 шөбере сүйіп отырған бақытты ата.
Өңір басшысы келіп құттықтағанына көңілі бір марқайып қалды. Жүріп-тұруы қиын болса да санасы сергек ақсақалдың ендігі тілегі - елдің амандығы.
Қуанышпай Байманов соғыс ардагері:
Енді соғыс болмасын, соғысты көрмей өтейік. Тыныштық, береке берсін.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ