Бойына ойы сай жігіттердің алдымен өнері бағаланды. Бірі ән айтса, енді бірі жыр оқыды. Шарадан түскен қаражат қайырымдылық қорына жөнелтіледі. Нақтырақ, ардагерлерге арналған ақша, қариялардың керек-жарақтарына жұмсалады.
Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:
Осындай рақымшылық іс-шаралары жыл сайын ұйымдастырылып тұруы тиіс. Осындай шараларда бірігу – парыз. Ардагерлерге көңіл бөлуіміз керек.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ