Елордалық емхана соғыс ардагерлеріне қызмет көрсету орталығын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық емхана соғыс ардагерлеріне қызмет көрсету орталығын ашты

06.05.2014
Елордалық емхана соғыс ардагерлеріне қызмет көрсету орталығын ашты
 
Ардагерлердің денсаулығы әрқашан да назарда. Елорданың №4-ші емханасы соғыс ардагерлеріне қызмет көрсету орталығын ашты. Мұнда тегін дәрі-дәрмек беріледі, ем-дом жасалады.
 
Емхана мамандары қатары сиреп бара жатқан қарт майдангерлерге көмек көрсету парызымыз, деп біледі. Орталықтың ашылуына байланысты «Рахмет Сізге, дәрігер» іс-шарасы ұйымдастырылып, ән әуелеп, күй шертілді.
 

Хабарламаларға жазылу