Талғат Бигелдинов туралы фильм түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғат Бигелдинов туралы фильм түсірілді

05.05.2014
Талғат Бигелдинов туралы фильм түсірілді
«Қара ажал» немесе «Ұшатын танк». Кеңес одағының екі дүркін батыры Талғат Бигелдиновты немістер осылай атаған. Әуеден жасаған жойқын соққылары жаудың шебін талай рет бұзып, Берлин көгін алғаш барлап өткен де осы Талғат Бигелдинов болатын.
 
Батырдың құрметіне орай бүгін Астанада «Көкке самғау» атты фильмнің тұсауы кесілді. 
 
Фильмді түсіруге екі жылдай уақыт кеткен. Соғысқа аттанған 19 жастағы жас жігіттің ұшаққа отырған алғашқы сәттерінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі еңбек жолдары түгел қамтылған.
 
Көркем туынды «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Ардагерлерді ардақтайық!» атты акцияның аясында дайындалып отыр.
 
Бұл ретте басты идея республикалық генералдар кеңесінен түссе, «Алтын Қыран» халықаралық қоры қаржылай қолдау көрсеткен. Фильмнің басты мақсаты - ардагерлер ерлігін жастарға үлгі ету.
 
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясында ардагерлерге құрмет көрсету - жастардың, кейінгі ұрпақтың борышы екенін айтты.
 
Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу