Бүгін полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ұзақ жылдар бойы полицияда жұмыс істеген Алексей Васиннің үйіне барып, арнайы сыйлықтар табыс етті.
Соғысқа 22 жасында аттанған ардагер 1945 жылы аман-есен оралып, Ішкі істер органында еңбек еткен. Биыл 100-ге толатын ақсақалдың кеудесі әскери медальға толы.
Алексей Васин, соғыс ардагері:
Біздің эшалон Молдавияға қарай бет алды. Ол кезде қиын-қыстау кез болатын. Біз Алматыға дейін тығылып барғанбыз. Пойыз станцияларға тоқтаған бойда біз де есікті жауып, бұғып отырып жасырынатынбыз. Солай әупірімдеп жеттік, әйтеуір. Сөйтіп, 22-маусым күні 22 жасымда соғысқа аттандым.
Ләззат БЕКТАС