Темірбек Жүргенов еңбектерін пән ретінде оқыту қолға алынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темірбек Жүргенов еңбектерін пән ретінде оқыту қолға алынбақ

06.11.2018

Темірбек Жүргенов мұраларына қайта зерттеу жүргізіп, оның құндылығын жаңаша көзқараспен насихаттау қажет. Өйткені, ұлт жанашырының еңбектері бұрын тек біржақты зерттеліп келген.

Бұл Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында бас қосқан ғалымдардың пайымды пікірі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама оқыған мамандардың сөзінше, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Жүргенов секілді мәдениетімізді дамытуға зор үлес қосқан алыптардың мұрасын қайта жаңғыртуға жол ашқан. Сондықтан, олардың еңбектерінің тағылымын тәлімгерлерге ұдайы түсіндіріп отыру, жастардың бойында тарихи құндылықтарға деген құрметті арттырады. Осы себепті, енді ғалымдар еліміздің өнерінің дамуына үлес қосқан қайраткерлердің еңбектерін арнайы пән ретінде оқытуды жолға қоймақшы.  

Бауыржан Иманғалиев, филология ғылымдарының кандидаты:

- Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында Жүргеновтану арнаулы курсын элективті пән ретінде енгізсе, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, оның оқу-ағарту, тәрбие саласына, мектеп жүйесіне қажет үлкен еңбектері бар. Қазірдің өзінде қолымызда оның 7 кітабы, 150-ден аса әдеби-публицистикалық еңбектері бар. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу