«100 оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптар ЖОО-ның бағдарламасына енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптар ЖОО-ның бағдарламасына енгізіледі

26.10.2018

 «100 оқулық» жобасы аясында ана тілімізге аударылған кітаптар университеттердің оқыту бағдарламасына енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан тарихшыларының VI ұлттық конгресінде мәлім болды.

Конгрес төрағасы Ерлан Сыдықовтың айтуынша, қазір аталған кітаптардың 18-і қазақшаланған. Әрқайсысы 100 данадан жоғарғы оқу орындарының кітапханаларына жеткізілген. «Алдағы уақытта тиражы көбейтілетін әлем жауһарларын оқу бағдарламасына енгізу оқыту әдістерінің ауқымын кеңейтіп, студенттердің рухани танымын байытары даусыз», дейді қатысушылар.   

Ерлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры:

Осы оқулықтардың төңірегінде ғылыми-методикалық топтар, ғылыми бағыттағы мектептер құрылуы қажет. Бұл оқулықтар төңірегінде жаңаша оқыту бағытымен жаңа кафедралар пайда болуы керек. Оқулықтардың осылай тиімді пайдалануымыз қажет. 

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу