Келер оқу жылынан бастап «Ашық университет» жобасы жүзеге асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер оқу жылынан бастап «Ашық университет» жобасы жүзеге асырылады

26.10.2018

Қанатқақты жоба бүгін Ақордада Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында таныстырылды. Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «100 жаңа оқулық» жобасының жалғасы десе болады. Оның арқасында жастар әлемге әйгілі авторлардың миллиондаған тиражбен шығарылған кітаптарын оқып қана қоймай, онлайн лекцияларды тыңдай алады.

Лекциялар экономика, макро және микроэкономика, менеджмент, бизнескоммуникация, маркетинг, жеке қаржы және инновация, журналистика сынды басты салаларды қамтымақ.

Сондай-ақ, жобаны ұсынып отырған «Ұлттық аударма бюросы» қорының тағы бір жағымды жаңалығы бар. Биыл «100 жаңа оқулық» аясында тағы 30 кітап 10 мың данамен жарыққа шығады. Бұл туындылар да, «Ашық университет» жобасы да келер оқу жылынан бастап іске қосылуы тиіс.

 

Рауан Кенжеханұлы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры:

Онлайн оқытуды ерекше тиімді жүргізе алған жобалардың бірі британдық «Оупен университи» жобасы. Сол Британияның ашық университеті біздің жобаның әріптесі болуға келісті. Жалпы, 48 оқулықтың негізінде 48 онлайн-курс жасалды. Өте жоғары телевизиялық сапада жасалған.  

 

Альбина ӘШІМ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу