«Қазіргі әлемдегі қазақ мәдениеті» жобасы қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазіргі әлемдегі қазақ мәдениеті» жобасы қолға алынды

22.10.2018

«Қазіргі әлемдегі қазақ мәдениеті». Бұл – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаның атауы. Жоба мақсаты - қазақтың әдебиеті мен өнерін жер жаһанға таныту. Мемлекет басшысы қазақ әдебиетінің жауһарларын БҰҰ алты тіліне аударуды тапсырғаны белгілі. Ұлттық аударма бюросы «Қазақ әдебиетінің прозасы» және «Қазіргі қазақ әдебиетінің поэзиясы» деп аталатын туындыларды қытай және араб тілдеріне тәржімалау туралы келісімге қол қойды.     Қазақстан тарапынан меморандумға қол қойған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Аида Балаева Елбасы бастамасымен қолға алынған жобаның айрықша маңызға ие екендігін атап өтті.

Айта кетейік, жоба аясында қазақ прозасы мен поэзиясының таңдамалы жинақтары БҰҰ-ның 6 тілінде жарық көреді. Бүгінгі күні ағылшын, испан, орыс және француз тілдеріне аударатын баспалармен келісімге қол жеткізілді.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу