Балқаш қаласында «Рухани жаңғыру» мәдени-танымдық орталығы ашылды. Мұнда коворкинг залы мен мобильдік кітапхана, шешендік өнер кабинеті мен рухани жаңғыру бұрышы бар. Бірегей орталықты ашу үшін жергілікті бюджеттен 30 миллион теңге бөлінген. Келушілерге орталықтағы 5 маман қызмет көрсетеді. Осындай оңтайлы орындар жастарды білімге, отансүйгіштікке баулып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға ықпал етеді. Жалпы Балқаш қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 80 миллион теңгеден астам қаражатқа 16 жоба жүзеге асырылды.
Расул Қасенхан, «Рухани жаңғыру» мәдени-танымдық орталығының жетекшісі:
- Мәдени-танымдық орталықта жастарымыз жұмыс істейді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырушы негізгі күш - жастар. Еліміздің, қаламыздың дамуына барынша жұмыс істейтін боламыз. Алға қойған жоспарлы жұмыстарымыз көп. Атап өтсек, жастардың білімін жетілдіруге, кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыссыздықты жоюға күш салынады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.