Рухани жаңғыру: нәтижесі мен болашағы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыру: нәтижесі мен болашағы

28.09.2018

Қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағларламасы: іске асыру нәтижелері мен даму болашағы» тақырыбында өңірлердің қатысуымен семинар-кеңес өтті.  Жиында министр осы уақытқа дейін атқарылған шараларға тоқталды. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыруда әлеуметтік желілердің әлеуетін кеңінен пайдалану керектігін айтты. Сарапшылар кеңесін тартып, креативті топтармен өзара іс-қимылды күшейту секілді ұсыныстарын жеткізді. Бұдан бөлек, министр жыл сайын меценаттар мен донорлардың форумын өткізетіндерін және оларға ұлттық сыйлық тағайындауды жоспарлап отырғандарын айтты. 

Дархан Қалетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- Бұл мақалаға санасы сергек, болашақты ойлайтын азаматтардың барлығы түсіністікпен қарады да, өзінің болашағын осы бағдарламамен байланыстырды. Онда халыққа барлық мәселелер барлық жағынан көрсетіліп айтылды. Елбасы өз мақаласында еліміздегі саяси реформа, экономикалық даму мен өркендеу мәселесі туралы айтты. Ендігі уақытта солардың негізгі ұстанымы - рух мәселесін көтеру.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу