«Қазақстан-Спектр», «Қоғам және Дәуір» журналдарының арнайы шығарылымдары таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Спектр», «Қоғам және Дәуір» журналдарының арнайы шығарылымдары таныстырылды

11.04.2018

Ертең Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына тура бір жыл. Осыған орай, бүгін Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «Қазақстан-Спектр», «Қоғам және Дәуір» журналдарының арнайы шығарылымын таныстырды. Арнайы басылымдарда «Рухани жаңғырудың» сараптамалық нәтижелері, бағдарлама аясында сәтті жүзеге асқан жобалардың мән-маңызын ашып көрсету үшін  сараптамалық сұхбаттар жүргізілген. Бұған дейін 500 данамен басылып келген журналдар бұл жолы 800 тиражбен жарық көріп отыр. Электронды нұсқасын институттың ресми сайтынан оқуға болады.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы, «Қоғам және дәуір» журналының бас рекдакторы:

- Бір ай бойы осы журналдарды барлық кітапханаларға таратамыз. «Қоғам және дәуір» журналы бойынша бағдарлама аясында 5 негізгі мақала және «Жас ғалымдар» айдарында 3 мақала жарияланды.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу