ҚазҰАУ-де Назарбаев білім және ғылым орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚазҰАУ-де Назарбаев білім және ғылым орталығы ашылды

03.04.2018

Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Назарбаев білім және ғылым орталығы» ашылды. Онда озық үлгіде жабдықталған Елбасы кітапханасы, «Достық» студенттік ассамблеясы және мұражай орналасқын. Музейде Президенттің өнегелі ғұмырынан сыр шертетін фотодеректер мен маңызды құжаттар қойылған. Мемлекет басшысының Тәуелсіздік тұғырын бекіту жолындағы еңбек жылнамасы да жинақталған. «Алдағы уақытта Орталық ғылыми жұмыстармен айналысып, білім-ғылым мен тәжірибені ұштастыратын орынға айналады», - дейді ғалымдар.   

Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

- Инновация, білім, мәдениет, өнер саласындағы тұлғалар арқылы жастарды тәрбиелеу ең маңызды іс-шара. Елбасының өмір жолы арқылы жастарымызды тәрбиелеуді ең басты мақсатымыздың бірі ретінде қолға алып отырмыз.

   

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу