Ақмола облысында 19-шы ғасырда жасалған Қазақстанның картасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 19-шы ғасырда жасалған Қазақстанның картасы табылды

05.01.2018

Онда еліміздің солтүстік, батыс және орталық аймақтары қамтылған. Бастысы, көне жәдігерде сол кездегі жер-су атаулары таңбаланған. Бұл - 1889 жылы Санкт-Петербург қаласында жасалған карта. Қазіргі нұсқасы 1921 жылы өзгеріссіз қайта басып шығарылған. Карта 21 парақтан тұрады. Ал, қолда бары екінші-үшінші парақтары ғана. Бұған дейін карта Ақкөл ауданының мұрағатында сақталыпты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құнды құжатқа назар аударылды. Енді карта облыстық мұрағатта сақталмақ.  

Ольга Полеткина, Ақмола облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы:

- Картада елді мекендердің атаулары жазылған. Уездердің аумақтары да көрсетілген. Әкімшілік бөліністер қалай болғаны да анық сызбаланған. Бұл біздің тарих. Сондықтан, өте құнды. Әсіресе, зерттеу жұмыстарын жүргізуге таптырмас бағалы ақпарат көзі.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу