Алматыда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында танымал тарихшы Ниғымет Мыңжанидың, қоғам және мемлекет қайраткері Зардықан Қинаятұлының кітаптары жарық көрді. Қос еңбекте ғалымдардың қазақ тарихы, әлеуметтік шаруашылығы, тілі, діні, әпсаналары мен фольклоры жайлы құнды әрі қызықты мақалалары жарияланған. Ал, Зардықан Қинаятұлының туындысы - Алтай, Ханғай аралығында салтанат құрған Найман хандығының тарихы мен мәдениетінің мұраларын зерттеуге арналған алғашқы монография.
Омарәлі Әділбек, «Жебе» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
- Жалпы, найман емес, қазақ халқының тарихы қамтылады. Ол көптеген тарихи нәрселерге жауап береді деп ойлаймын.
Руслан ҚОСАНОВ