Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан студияда қонақ болып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатысты ой-пікірін білдірді.
«Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлт тарихы, кешегі Алаш идеясы сияқты, қазіргі замандағы жастардың рухын көтеретін, өзекті тақырыптарды қамтитын дүниелер жазылып жатыр. Көп ұзамай идеялар өз орнын табады. Қазақ мәдениетін дүниежүзілік мәдениетпен байланыстыру, шетелге таныту мәселелеріне қатысты тақырыптар қолға алынды. Оның жемісі келешекте көрермендер назарына ұсынылады.
Қазақтың рухани жаңғыруы – тарихыңды түгендеу, өшкеніңді жаңғырту, ұлттық құндылықтарымыздың қадіріне жету. Жуырда «Рух жыры» атты үлкен толғау, «Жерұйық» атты драматургиялық кітап жаздым.
Рухани жаңғыру ұлттық құндылықтарымызды өшірмеуге көмектеседі. Бұл әрекетке бүкіл қазақ болып, жұмыла жұмыс істеуіміз керек», - дейді ақын.