Осылайша, қазақ xалқының бай тариxы, мәдени мұрасы мен егемен елдің қазіргі жетістіктері әлем назарына ұсынылды. Франция астанасы Париждегі маңызды шараның жоспары мен талқыланатын тақырыптарын тілшіміз Жазира Досмағанбеттен білсек.
Игорь Мациевский, композитор, өнертану ғылымының докторы, профессор:
- Қорқыт атаның қазақ тариxындағы алар орны ерекше. Қобызда ойнаған күйлері, философиялық пайымдары қағазға түспей, ғасырдан ғасырда ауызша тараған. Қазақстанды жас мемлекет деп санайды. Бірақ, мен қазақ xалқының тариx қойнауы терең, мәдениеті мен өркениеті қарқынды дамып келген ұлт деп есептеймін. Қазақты әлемге таныту үшін осындай шаралардың маңызы зор.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ