Тобыл өңірінде бұған дейін Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылып, Кейкі батырдың кесенесі бой көтерген болатын.
Бүгінгі шара Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында атқарылған осындай игі істердің жалғасы болып отыр.
Қайта жаңартылған кесене Маңғыстаудан әкелінген ұлутастардан салынған. Жерден ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі - 18 метр. Көлемі - 64 шаршы метр. Сонымен қатар, кесенеге баратын жол да жаңартылып, кіреберісіне үлкен арка салынды. Аумағы толық абаттандырылды. Электр жарығы орнатылды.
Дәуренбек ӘБДІБЕК