Бұл туралы Ассамблея төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай айтты. Айта кету керек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 бағыттан тұрады. Бүгін Ұлттық музейде «Заманауи полиэтникалық мемлекет: ұлттық модельдер және даму стратегиялары» атты Халықаралық форум өтті.
Оған алыс-жақын шет мемлекеттерден сарапшы ғалымдар қатысуда. Жиналғандар Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлін талқылап, тәжірибе алмасты.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ