Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында «Жас туристер станциясы» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында «Жас туристер станциясы» ашылды

21.09.2017

Жаңа коммуналдық мекеме Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында туған жерге қатысты айтылған тапсырмаларды орындау бағытында өз жұмысын бастап отыр.   Ерекше станцияны ашу үшін жергілікті бюджеттен 8 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Мұнда мектептен тыс уақытта оқушылар жас турист, өлкетану, экология, экскурсия жолбасшысы үйірмелеріне қатысып, өз зерттеулерін жасай алады. Бұдан бөлек, келешекте тау туризмі, жас құтқарушы сынды үйірмелер де ашылады. Осылайша, балалардың тұлғалық жан-жақты дамуына, туған өлке тарихын, табиғатын жетік біліп өсуіне байланысты көптеген жұмыстар атқарылмақ.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу