Қазақстанның қасиетті жерлерінің тізімі жасалды. Оған 100 жалпы ұлттық деңгейдегі, 500 жергілікті маңызы бар орындар кіріп отыр. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы еліміздің киелі жерлерін арнайы картаға енгізіп, болашақта оның электрондық нұсқасын шығармақшы. Яғни, кез келген адам компьютер не телефоннан Қазақстанның әр өңіріндегі қасиетті орындар жайлы ақпарат жинап, басты ескерткіш, нысандармен онлайн режимде таныса алады. Сондай-ақ, бұл жерлер жайында бейнероликтер түсіріледі. «Қазір арнайы құрылған топтар тізімге енген киелі орындарда жергілікті өлкетанушылар ақсақалдармен бірге ақылдасып, жұмыс істеп жатыр», - дейді орталық жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы.
Альбина ӘШІМ