Латын әліпбиіне өту – қазақ тіліндегі жаңа тыныс. Тарихи реформа Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қабылданған. Осы мәселе төңірегінде зиялы қауым өкілдері бас қосып, өз ойларын ортаға салды. Жиында реформаның рухани маңызы және тиімділігі тілге тиек етілді. Ғалымдардың пікірінше, латын әліпбиі әлі де белгілі бір кезеңдерден өтіп, сарапталып талқыланады. Алдағы уақытта еліміздің басқа қалаларында да осы мәселе жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ