Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 100-ден астам жоба қолға алынған. Оның 21-і биыл жүзеге аспақ. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің зиялы қауымы, еңбек ардагерлерімен кездесуінде айтып берді.
Басқосуда аға буын Президент мақаласының ертеңгі ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталып, облыстың өсіп-өркендеуі бағытында өз кеңестерін берді. Тарихи тұлғалардың есімдерін ұмыт қалдырмай, көше атауларына мән беру қажеттілігі де айтылды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ