«100 жаңа есім» тізіміне тіркелу жеңілдей түсті. «El.kz» сайтының қызметкерлері халық өтініштерін «Бәйтерек» монументі жанында қабылдады. Екі ай бұрын басталған жобаға тек мыңнан астам адам тіркелген. Себебі, қазақстандықтардың барлығының бірдей ғаламторды қолдануына мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, бұл шара біраз адамдардың қызығушылығын оятты, -дейді ұйымдастырушылар.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ