Рухани жаңғыру жастарды жігерлендірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыру жастарды жігерлендірді

07.06.2017

Мемлекет басшысының елді рухани жаңғыртуға арналған мақаласын жүзеге асыруда жастар белсенді болуы керек. Алматыда бас қосқан ғалымдардың ортақ ойы - осындай. Оқымыстылардың сөзінше, бүгінгі буын тұтас елді жаңғыртуға бағытталған бағдарламалардың қалай орындалғанын көріп, болашақта сол істі жалғастыратын деңгейге жетуі тиіс. Сонда Елбасының бастамасы өміршең идеяға айналады. Мәселен, философия, саясаттану және дінтану институты қазақ пен әлем ойшылдарының еңбектерін зерттеп, кітап етіп басып шығаруға жас ғалымдарды көптеп тартып отыр. Өйткені, қазірден бастап елдің рухани жаңғыруына жұмылған жастар келешекте жауапкершілікті толық сезінетін білікті маманға айналады. 

 

Нұрлан Асқарұлы   

Хабарламаларға жазылу