Елімізде медицина, құрылыс және білім беру салаларының стандарттарын қайта қарастыру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде медицина, құрылыс және білім беру салаларының стандарттарын қайта қарастыру қажет

26.05.2017

Елімізде үшінші модернизацияны жүзеге асыру үшін медицина, құрылыс және білім беру сынды салалардың стандарттарын қайта қарастыру қажет. «Модернизация 3.0. Тәсілдер мен шешімдер» атты дөңгелек үстелде отандық сарапшылар осындай ұсыныс айтты. Президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институты мұрындық болған жиында саясаттанушылар мен ғалымдар қазірде шешімін таппай тұрған өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Мәселен, жаһандық бәсекелестікке қабілетті болу үшін қолда бар экономикалық құралдарды тиімді пайдалану жайы сөз болды.

Сондай-ақ, Қытайдан Қазақстан арқылы батысқа өтетін тауар айналым жүйесін мейлінше тиімді ету туралы бастама көтерілді. Ішкі экономикалық жағдайды реттеу жайы да назардан тыс қалған жоқ. Бұл ретте көлеңкелі экономикамен күрес мәселесі де әзірге өзекті болып тұр.   

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу