Бейжің қаласында велосипед мінгендер қатары күрт көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің қаласында велосипед мінгендер қатары күрт көбейді

12.05.2017

Қытайдың Бейжің қаласында велосипед мінгендер қатары күрт көбейді. Себебі, енді ұялы телефонға қосымша жүктеп, 1 юаньға кез келген жерден велосипед алуға болады. Көлікті қалаған жеріңе қалдырып кетуге рұқсат. Жоба авторларының сөзінше, қазірдің өзінде 20 миллион адам қосымшаға тіркелген. Көрші елде қатынау үшін велосипед пен мотоцикл таңдағандар саны артып келеді. Мәселен, мотоциклді жалға беруші компания елдің 100 қаласында ашылған. Демек, сұраныс бар. Экологтар болса, ауасы лас астананың атмосферасы енді таза болады деп отыр. Ал, қала билігі  алдағы уақытта велосипедке арналған жолдардың санын көбейтпек. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу