Рухани жаңғыру - жаңа жобалардың бастамасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыру - жаңа жобалардың бастамасы

08.05.2017

Мемлекет басшысының рухани жаңғыруға арналған мақаласын іске асыру үшін еліміздегі мәдени бірлестіктер бірқатар жобаларды қолға алмақшы. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамлеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай айтты.

Оның сөзінше, бұл жұмыстарға әрбір азамат өз үлесін қосуы керек. Сонда ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, терең тарихымызды түгендеуге зор мүмкіндік туады.

Ал, бойына рухани құндылықтарды сіңірген ұрпақ жаһандану үрдісінің кез келген салқынына төтеп беріп, жаңа технология заманының өзгерістеріне дайын болады.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу