Латын әліпбиіне көшу ісі - заман талабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латын әліпбиіне көшу ісі - заман талабы

28.04.2017

«Тіл - ұлттың жаны». Алматылық белсенді жастармен кездескен белгілі академик Өмірзақ Айтбаев осыны айтты. Ғалымның сөзінше, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілі мәселесі де назардан тыс қалмаған. Ал, латын әліпбиіне көшу ісі - заман талабы. Сондай-ақ, жиында «Қазақ елінің тәуелсіздік тарихы мен ұлт тағылымы» тақырыбында келелі әңгіме қозғаған тіл жанашырының дара жолы мен халық мүддесі үшін еткен еңбектері де сөз болды. Сондықтан, «мұндай басқосу жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына зор септігін тигізеді»,- дейді ұйымдастырушылар.  

Алмат ӘБДІРАМАН  

Хабарламаларға жазылу