Елбасы мақаласы жастар арасында тың бастамаларға сеп болып отыр. Л.Н: Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің зиялы қауым өкілдері осылай дейді. Президенттің бағдарлы мақаласына сәйкес мемлекет және қоғам қайраткерлері, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері мен студенттері бас қосты. Жиын барысында жарияланымда көзделген мақсат-міндеттерді іске асыру жолдары талқыланды. Сондай-ақ, жастар тәрбиесіне байланысты ұлттық құндылықтар мектебін ашу ұсынысы тасталды.
Назым ҚАЙРАТ