«Newsweek»: Жаңа алфавитке көз тіге отырып, Казахстан Қазақстанға айналуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Newsweek»: Жаңа алфавитке көз тіге отырып, Казахстан Қазақстанға айналуы мүмкін

16.04.2017

Жер бетіндегі жан біткенді жауыздықтан, моральдық азғындықтан құтқаратын қасиетті бір күш бар. Сол күш қоғамды әлеуметтік, қалаберді экономикалық құлдыраудан құтқара алады. Ол - руханият дейтін алып күш. Сол себепті соңғы кездері рухани әлсіреген әлем елдері қазақ басшысының мақаласын мағыналы деп бағалап отыр.

 

Мәселен, Американың атақты «Newsweek» журналында «Жаңа алфавитке көз тіге отырып, Казахстан Қазақстанға айналуы мүмкін», деп жариялаған.

Дәлірек, «...Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан тәрізді түркітілдес елдер латын әрпін қолданады. Енді Президент Назарбаев та мамандарды қазақ  алфавитін латыншаға ауыстыру жолындағы жұмысты бастауды тапсырды. Сондағы мақсат - Қазақстанды халықаралық аренада көбірек танымал брендке айналдыру. Сонымен қатар, латыншаға көшу - жергілікті халықтың көңілінен шығатын бастама. Ал, қазақ кәсіпкерлері өз компанияларының атауын «К» әрпінен «Қ» әрпіне ауыстыра бастады. Кириллицада «Қ» деген алфавит жоқ қой...», - дейді америкалық репортер.

Бұл тақырып Ресейде резонанс тудырды. Көршінің көп баспасөзі бұл шешімнің астарына саяси реңк беріп жатыр.

 «Независимая газета» басылымы:

«...Қазақстан 2025 жылы латын графикасына толық көшеді. Мұны халыққа Президент Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай елдің түрік әлеміне етене енуіне ықпал етеді. Дегенмен, тілдік инновация орыс тілінің қолдану аясын тарылтып, этникалық орыстардың Қазақстаннан жаппай көшуіне алып келуі мүмкін...», - деп жазады автор.

 

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу