«Бұл - мақала ғана емес, қазақтың рухын қуаттап, руханиятты байыта түсуге бағытталған құнды құжат. Жазбадағы әр ұсыныс - ұтымды, идея - игілікті. Тек сол үлкен үндеуге әр отандасымыз үн қосып, ауқымды мақсат-міндеттің іске асуына күш салуы тиіс».
Астанадағы Тұңғыш Президент - Елбасы кітапханасында өткен жиынға қатысқандардың ортақ ойы - осындай. Мемлекет басшысы мақаласының мән-маңызына терең үңіліп, сындарлы талдауға негізделген мәжіліске кітапханашылар, ғалымдар, ұстаздар және басқа да сала қызметкерлері қатысты. Бірнеше сағат ашық сұхбат өрбіді.
Азамат НҰҒЫМАНОВ