Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын Ақтөбе облысының активі де талқыға салды. Алқалы жиынға 300-ден аса адам қатысты. Үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері мақалаға «елдің әлеуметтік және идеологиялық даму бағдарын айқындаған құнды еңбек» деп баға берді.
Экономикалық жаңғыруды өткеріп, жаһандық бәсекелестікке қадам басқан мемлекетіміз үшін рухани жаңғыру қажет-ақ. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, танымал ақын Мейірхан Ақдәулетұлының айтуынша, рухы мықты ел ғана дамудың биігінен көріне алады.
Әлия ОРАЗАЙ