Елбасының мақаласы біртұтас ұлт болудың негізін айқындап берді. Отандық ғалымдардың ойлары - осы. Себебі, маңызды мақалада тарихтан сабақ алу арқылы сананы заман талабына сай жаңғыртудың нақты жолдары көрсетілген. Бұл бағытта қазақтың байырғы тарихын қамтитын «Мәдени мұра» бағарламасы іске асты. Соның нәтижесінде әлемнің әр қиырынан 5000-нан астам қолжазба жинақталды. Қазір ғалымдар құнды мұраны зерттеп-зерделеп, толыққанды кітап етіп шығармақшы.
Сондай-ақ, «Мәңгілік ел» идеясы да тағылымды тарихтан тамыр тартып, болашақтағы бағытымызды айқындады. Сондықтан, бұл бастамалар мен ұстанымдар ұлттық сананы жаңғыртып, рухани ілгерілеуге бастайды.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ