Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы айтты

12.04.2017
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы айтты

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетіне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы жарияланды.

 

Мақалада Елбасы еліміздің бүгіні мен болашағы жайлы ойларын ортаға салған. Президент мақаласы екі тараудан тұрады. «XXI  ғасырдағы ұлттық сана туралы» атты алғашқы тарауда бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы сияқты алты мәселе көтерілген.

 

Ал, «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші тарауда латын әліпбиіне көшу, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық, «Туған жер» бағдарламасын қолға алу, Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын жасау және жаһандық заманауи қазақстандық мәдениет қалыптастыру сынды нақты міндеттер жазылған.

Хабарламаларға жазылу