Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі бірқатар танымал тұлғаға мемлекеттік наградаларды табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі бірқатар танымал тұлғаға мемлекеттік наградаларды табыстады

14.12.2018

Елдің өсіп-өркендеуіне ерекше еңбек сіңірген азаматтарға құрмет көрсетілді. Ілтипатқа бөленгендердің қатарында барлық саланың өкілдері бар. Мемлекетке және қоғамға сіңірген еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қосқан елеулі үлестері үшін «Барыс», «Парасат», «Достық», «Данқ», «Құрмет» және «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды. Жалпы, биыл 1600-ден астам адам мемлекеттік наградаға ие болуда.

Марат Ілиясов, композитор, «Құрмет» орденінің иегері:

- Халқымыз әндерімізді шырқап жүрсе, Елбасымыз осындай «Құрмет» орденімен марапаттап жатса, өнер адамы үшін одан артық қандай бақыт бар?! Қазақ халқына үлкен рахмет!

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу