Алматыда Тәуелсіздік күніне орай жас ғалымдарға пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай жас ғалымдарға пәтер берілді

18.12.2017

Ғылым ордасында өткен мерекелік жиында отандық ғылымның өркендеуіне үлес қосқан 19 ғылыми қызметкерге баспана кілті табысталды. Сондай-ақ, қоғамдық және жаратылыстану ғылымы саласында ұзақ жыл еңбек еткен ғалымдар арнайы мерекелік марапатқа ие болды. Жалпы, бұл еліміздегі өндірісті ғылымға негіздеуге арналған ұзақ мерзімді бағдарлама бойынша жоспарланған жобаның игілігі. Сондықтан, жас зерттеушілерді баспанамен қамту жыл сайын жалғаса бермек.

Ал, мерейлі мерекеде пәтер алып, қуанышқа кенелген жастар «енді елімізді әлемге танытатын тың ізденістерге ден қоямыз», деп ақжарма тілектерін айтты.

Жәнібек Көркембай, жас ғалым: 

- Үй алып жатқаныма өте қуаныштымын. Жастарды қолдап отырған Елбасымызға үлкен алғысымды айтамын. Әрине, бұл бізге үлкен көмек. Тәуелсіздік күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ           

Хабарламаларға жазылу