Ең негізгі халықаралық ұйымдарға кіріп, мемлекеттік шекарасын айқындап бекітіп алды. Ширек ғасыр ішінде еліміз ОБСЕ, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Түркі Кеңесі сияқты ірі халықаралық құрылымдарға төрағалық етті. Ядролық қару мен соғысқа қарсы ымырашылдық саясаты мен діни, конфессияаралық бірлікті үнемі қолдауы арқасында Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі артып келеді. Мемлекетіміз Орта Азия және көрші Ресей, Қытай елдерімен байланысын үзбей, жыл сайын нығайта түсуде. Ал, Қазақстанға қаржы құятын басты инвестор мемлекеттер - Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Франция мен Бельгия.
Альбина ӘШІМ