Бердібек Сапарбаев: Отандық өндірушілерді қолдау - басты назарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Сапарбаев: Отандық өндірушілерді қолдау - басты назарда

03.02.2015
Бердібек Сапарбаев: Отандық өндірушілерді қолдау - басты назарда

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Талдықорған және Қостанай өңірлеріне барды.

Вице-премьер өз кезегінде отандық өндірушілерді қолдау бүгінде Үкіметтің басты назарында екенін айтты.

Қостанайдағы машина жасау зауытында өткен алқалы жиынның соңында аймақтағы алпауыт кәсіпорындар мен облыс әкімдігі әріптестік меморандумға қол қойды.

Бұл ресми құжаттың басты мақсаты - өндірістік үдерісті тұрақтандыру, жұмысшылардың барлық әлеуметтік құқықтарын сақтау.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу