Астанада Тәуелсіздіктің құрдастары бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Тәуелсіздіктің құрдастары бас қосты

14.12.2017

Ел егемендігінің 26 жылдығы қарсаңында жиналған жастар алдағы жоспарларымен бөлісті. Шараны «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы ұйымдастырып отыр. Айта кетерлігі, партияның құрамында 200-ден астам Тәуелсіздік құрдасы бар екен. Бүгінгі кездесуге келгендердің басым бөлігі - мемлекет үшін қызмет етіп жүрген жас мамандар. «Үш тілді жетік меңгерген белсенді, білікті, жан-жақты, талапшыл, әрі жауапкершілігі мол азаматтар», - дейді ұйымдастырушылар. Жиында олар келер жылдың басында басталатын «20 мейірімді іс» шарасын талқылады. Осы науқан аясында Тәуелсіздік құрдастары еліміздің жастарын саламатты өмір салтын ұстануға, үнемі ізденісте жүруге және қайырымды болуға шақырмақшы. 

Әйгерім Кемелова, қала тұрғыны:

- Тәуелсіз елдің құрдасы болғаным үшін мақтанамын. Біз – Қазақстан Республикасының болашағымыз. Осы ел үшін жұмыс істеуге, еліміздің болашағы үшін, одан әрі дамыту үшін бар ынтамызды салуға тырысамыз.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу