Алматыдағы Президент архивінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстанның жасампаздық және жетістік жолы» тақырыбы аясында алқалы жиын өтті.
Шарада зиялы қауым өкілдері ширек ғасырда қол жеткен табыстарды айтып, Тәуелсіздік тұғырын бекітуге негіз болған баянды бағдарламаларды атады.
Бас қосуға бірқатар мемлекеттің консулдары да қатысты. Олар Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта жүргізген саясатын жоғары бағалап, қазіргі дамуы жөнінде пайымды пікірлерін ортаға салды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ