Елордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

28.11.2016
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі». Бүгін Астанада осындай тақырыпта халықаралық конференция өтті. Шараны өткізуге Қазақстан Парламенті мен Сыртқы істер министрлігі мұрындық болған.

Бұл жиынның салмағы үлкен. Өйткені, келген қонақтар бір-бір елдің заң шығарушы органдарының жоғары лауазымды өкілдері. Олар Қазақстанның 25 жылда жеткен жетістіктерін, табысты экономикасын және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл реформалары жайында баяндамалар жасады.


Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу