Орал өңіріндегі «БатысМарқаЛамб» ет өңдеу кешені өз өнімін шетелге шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал өңіріндегі «БатысМарқаЛамб» ет өңдеу кешені өз өнімін шетелге шығармақ

09.11.2015
Орал өңіріндегі «БатысМарқаЛамб» ет өңдеу кешені өз өнімін шетелге шығармақ
Орал өңіріндегі «БатысМарқаЛамб» серіктестігі өз өнімдерін еліміздің көптеген облыстарымен қатар экспортқа шығаруды да қолға ала бастады.

Келісімге сай кәсіпорын, Өзбекстанға ай сайын 150 тоннаға дейін ет өнімдерін жөнелтеді. «Үдемелі индустриялық-инновациялық» бағдарлама аясында салынған кешен жылына 350 мың тонна ет өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорында қойды союдан бастап, етті өңдеп, қаптамаларға салуды қамтитын 12 желі бар.

Қазірдің өзінде өңірдегі ірі шаруашылықтың бірі ет өңдеу кешеніне 1600 бағлан тапсырып үлгерген. Дайын өнімдер Алматы, Тараз, Атырау, Ақтөбе қалаларына жөнелтілуде.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу