Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылған жоба Шотландия мен Біріккен Араб әмірліктерінің Масдар қаласында жүзеге асырылды. Энергия өндіретін жел электростанциялары теңіз деңгейінен 78 метр биіктікте суға орнатылған. Құрылғылар 30 мегават қуатпен энергия өндірмек. Соның арқасында 20 мың үй электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.
Америка ғалымдарының пікірінше, теңізге қойылған жел станциялары арқылы бүкіл планетаны энергиямен қамтамасыз етуге болады. Ол үшін 3 миллион шаршы шақырым аумаққа осындай құрылғыларды орнатып қою керек. Ал, жобаны жүзеге асырған компаниялар жел парктерін енді Еуропаның батысы мен солтүстігіне де жеткізбек.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ