«ЭКСПО» көрмесіндегі ғылыми жобалар үш бағытта жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесіндегі ғылыми жобалар үш бағытта жүзеге асады

22.09.2017

Олар - жаңа инновация, ғылыми зерттеуге қажетті құралдар, білім саласындағы жаңа технологиялар. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында ғылым комитетінің Төрағасы Болатбек Әбдірасылов мәлімдеді.

Еліміздің ғылыми зерттеу орталықтарының қызметкерлері, ғалымдар және тиісті институт мамандары көрме уақытында бірнеше апта бойы барлық павильонды аралап шыққан. Нәтижесінде, жүздеген ғылыми жобалар өндірістік жұмыстар үшін таңдап алынды. Қазір осы бағытта нақты іс-шара жоспары бекітілген. 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу